2020 жылдың 6 мамырында сағат 12.00-де академияның ректоры проыессор К. Н. Меңлібаев пен күндізгі оқу бөлімдерінің студенттерінің on-line режимінде кездесуі өтті.

Жоғары оқу орнының әкімшілігі студенттерге әңгімеге белсенді қатысқандары үшін, карантинмен байланысты қазіргі қиын жағдайда білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша дайындалған сұрақтар үшін алғыс білдіреді.
On-line форматта қарым-қатынас жасау өте ыңғайлы болды: барлық сұрақтарға студенттер толық жауаптар алды, сондай-ақ өздері ЖОО басшылығын қызықтыратын тақырыптарға жауап берді: қашықтан оқыту технологиясы оларға қолайлы ма, оқу сапасы төмендемеді ме.