ҚР Президентінің Жолдауын талқылау және түсіндіру

2022 жылдың 12 сәуірінде “Психология, педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Арунова ПМНО-19-2 тобының студенттерімен Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Талқылау барысында Жолдаудың негізгі ережелері айтылды. Сонымен қатар, Жанна Әнуарқызы жаңа Қазақстан тұжырымдамасы мен Жолдаудың педагогикалық аспектілеріне тоқталды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың өміріндегі маңызды тәрбиелік сәт болып табылады. Ал еліміздің бүгінгі жағдайын көрсететін және алдағы кезеңге арналған міндеттерді белгілейтін Жолдауды талқылау көп ұлтты республиканың барлық азаматтары үшін маңызды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.