«Bolashaq» академиясында Ғылым қызметкерлері күні

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен 12 сәуір “Ғылым қызметкерлері күні” болып белгіленді.

Тарихи мереке Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орайластырылды. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрды, өзінің бүкіл өмірін ғылымға және оның туған елдегі дамуына арнады.

Ғылым ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Ғылымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізусіз, цифрландырусыз, біз көріп отырғанымыздай, экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес. Қазақстандық ғалымдар отандық ғылымның перспективалық бағыттарын дамыта отырып, маңызды міндеттерді шешуде белсенді еңбек етуде. Мемлекет өз тарапынан ғалымдарды, ғылыми орталықтарды қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдайды, ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

Жылдан жылға біздің ұжымның да ғылыми әлеуеті артып келеді, Академия ғалымдары өз еңбектерімен, күш-жігерімен және жоғары оқу орнының ғылымы мен халықаралық байланыстарының дамуына баға жетпес үлес қосуда. Ғалымның еңбегі – бұл әрқашан қызықты, қиын жұмыс, ол барлық уақытта құрметке бөленеді.

Осы айтулы күні Академия басшылығы Академия ғалымдарын осындай тамаша мереке – Қазақстан Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады!

Әрбір жаңа күніміз Жаңа Қазақстанды құру үшін жасампаз және бірегей идеяларға, пайдалы және ұлы жаңалықтарға, қызықты және лайықты жетістіктерге толы болуына тілектеспіз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.