27 сәуір күні «Шахтер» стадионында AMANAT партиясы жанындағы жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «QAISAR» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушылар арасында әскери-патриоттық сезімді қалыптастыра отырып, ұлттық рухты жігерлендіру. Жарысқа қатысушы жастарды қайсарлылық пен жігерлілікке баулу.
Ойын ережесіне сәйкес, ұлдар 3000 метр және қыздар 1000 метрге жүгірді.
Аталған іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан ұйымдастырушы ретінде JasOtan жастар қанатының «Bolashaq» академиясы бойынша төрайымы Сыздық Анияш Қайратқызы және «Bolashaq» студенттік республикасының Ішкі істер министрі Мергембаев Ануар Саматұлы қатысты.


JasOtan жастар қанатының «Bolashaq» академиясы бойынша төрайымы Сыздық Анияш Қайратқызының айтуынша – «QAISAR» жобасы, ең алдымен, жас ұрпақты әскери қызметші мамандығымен және әскери қызметтің қыр-сырымен таныстыра отырып, физикалық және рухани принциптерді, стандартты емес жағдайларда жылдам әрекет ету дағдыларын жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ жастарды біріктіру, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау- жарыстың басты міндеттері.
Оқ бойы оза шауып, финалдық кезеңге жолдама алған 102 қатысушы 3-6 мамыр аралығында Елордада бақ сынайтын болады.