8-9 мамыр күндері Торайғыров университетінде «President CUP II» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Павлодарлық пікірсайысшылар қатысты.

Аталған дебат турниріне «Bolashaq» академиясы атынан «Біз сұрақ қабылдамаймыз» және «В душе аға буын» фракциялары қатысты.
Турнирдің мақсаты – Жастарды отансүйгіштікке баулу және шешендік-көшбасшылық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, қоғам мен әлемдегі көкейкесті мәселелерді талқылау мен сараптау, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Ойындар – Британдық парламенттік форматында (БПФ) өтті. Турнир БПФ форматы бойынша 4 іріктеу раундынан, ширек финал, жартылай финал мен басты финалдық ойындарынан тұрды. БПФ форматы бойынша «Жастар» финалы ойнатылып, жеңімпаздар анықталды.


«В душе аға буын» фракциясы «Жастар» категориясында үздік 3 команданың бірі атанды.
Турнир өті жақсы деңгейде өтті. Фракциялар «Bolashaq» академиясының ректоры Қ.Н.Меңлібаевқа және академия әкімшілігіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіруде.