ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 20 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимде Педагогика және психология бойынша облыстық пәндік олимпиада өткізілді. Ұйымдастырушылар “Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы” КМҚК, “Bolashaq “Қарағанды жоғары колледжі” ЖМ.

Қазылар алқасына қатысуға психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Сабира Сартайқызы Шутенова шақырылды.

Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты-студенттердің пәндік білімдері мен дағдыларының деңгейін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық қызметте қажетті олардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау.

Педагогикалық олимпиада екі бағыт бойынша өткізілді:

-Жалпы педагогика; – Жалпы психология.

Үш кезеңнен тұрды:

1) біріншісі – бір және бірнеше жауап нұсқалары бар сұрақтар қарастырылған тест тапсырмаларын орындау. (тест орындауға 30 минут беріледі).

2) екінші-практикалық тапсырмаларды орындау.

3) үшінші-квест (платформа Learnis.ru).

Қорытынды олимпиада аяқталғаннан кейін бірден жасалды.

Сабира Сартайқызы жеңімпаздар мен қатысушылардың жетекшілерін құттықтап, пәндік олимпиаданы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, студенттердің педагогикалық мамандыққа деген қабілеттерін, бейімділіктерін, қызығушылықтарын іске асыру, сондай-ақ студенттердің оқу-танымдық қызметін ынталандыру, олардың оқу уәждемесінің деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасалатын педагогика және психология салаларындағы осы іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.