2021 жылдың 9 сәуірінде онлайн режимінде “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерінің тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті, оны Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары В.А. Байбекова, С.С. Шутенова, Г.С. Махмутова өткізді.
Қаңтар айының 25 мен 5 сәуір аралығында ПиП-17-2 тобының студентттері “Қарағанды “BOLASHAQ” жоғарғы колледжі ЖММ”-де «Педагогикалық колледждегі кәсіби (өндірістік) практикадан» өтті. Осы іс–тәжірибе кезінде «Bolashaq»Академиясы» Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Байбекова В.А., Шутенова С.С., Махмутова Г.С. жетекшілік етті.
Студенттеріміз өздерін педагог ретінде қалыптастырып, педагогика және психология пәндері бойынша сабақтар, тренинг элементтері араласқан ойындар, психокоррекциялық конспектілер мен бақылаулар жүргізіп, тәрбиелік мәні бар кураторлық сағаттар мен ашық сабақтар өткізіп мол тәжірбие жинақтады. Болашақта студенттеріміз өздерін іс-тәжірибе арқасында педагогикалық шеберлік пен шығармашылық қабілетті шыңдаудан талмайтын, бәсекеге қабілетті, жаңашыл педагог болатындығына кәміл сенетінін айта кетті.
10 апталық практика кезінде студенттеріміз көптеген жаңашылдыққа үйреніп, үлкен тәжірибе жинақтағандарын «Skype» желісі арқылы өткен қорытынды онлайн коференциясында сеніммен айта кетті. Соңынан практика жетекшілері тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, студенттермен практика барысы талқыланды.
Бітіруші түлектерімізге тек қана сәттілік тілейміз!