2022 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видео байланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрі ретінде Смайлов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынған болатын. Мәжілістің жалпы отырысында Президенттің ұсынған кандидатурасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, Әлихан Асханұлы ҚР Премьер-министр лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмаларды жүктеді. Бұл тапсырмалар елде болған қасіретті оқиғадан сабақ алу, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеуге арналған. “Bolashaq” академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын онлайн режимінде көрді.
