8 сәуірде Пип-19-2к, Пип-19-2, Пип-20-2,ПМНО-20-2 топтары арасында “Отбасылық тәрбие” тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағаттың мақсаты:
Оқушыларға отбасы туралы, олар бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқор болатын адамдар екендігі ретінде түсінік беру.

Балалардың санасына отбасы адамның ең қымбаты, ең жақыны екендігін жеткізу.
Кураторлық сағат барысында топпен “Бақытты отбасы” түсінігі талқыланып, ашылды, топта адамның басты құндылықтарының бірі ретінде отбасы туралы түсінік қалыптасты.