«ҚАРАҒАНДЫ – ҒАЖАП ҚАЛА»😍

Қарағанды – еліміздің ең үлкен облысының орталығы. Қалада 7 жоғары оқу орны бар.

Сайын даланың төсінен орын алған бұл өңірде көз тартарлық көркем жерлер мен қазақ тарихынан сыр шертетін рухани мұралар  молшылық.

 3-20 ақпан аралығында Академиямызда қала күніне арналған  I love  QARAĞANDY❤️ атты тикток конкурсы өтті.✅

Талантты студенттеріміз Сарыарқа төсіндегі қаламыздың әсем жерлерін аралап, қызықты бейнежазбалар түсірді. Кіл мықтылар сынға түсті. Тіпті, қаламызға арнап ән де шығарылды. Қаланың көрікті жерлерін айқыштай көрсетіп, Қарағанды жерінде туып-өскен ақын-жазушыларымыздың туындыларын мәнерлеп оқыды.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жеңімпаздар дипломдармен марапатталып,  кинотеатр билеттерін сыйға алды.✅

Конкурстың нәтижесі:

1-орын Ю-21-2тобы

2-орын  К-21-1 тобы, К-22-1 тобы

3 -орын Фм-22 тобынан – Марисова Алина, ПиП-22 тобынан – Нұршынова Дария, Ин-22 тобынан- Байсайтова Ажар

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз үстем болсын! 🤍

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.