2021 жылғы 13-15 қазан аралығында С.А. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде шеңберінде төмендегідей конференциялар өткізілген (ҚазҰМУ) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Университет күндері – 2021” болып өтті.
1.“Ментальды денсаулық және COVID -19” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
- Факультет оқулары:
-Фармация мектебінің 70 жылдығына арналған”Заманауи фармация: Жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы; – “ҚР фармацевтика саласының және ЕАЭО елдерінің қазіргі жағдайы” ҚР фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту Қауымдастығының 25 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми – практикалық конференция.
“Университет – 2021” күндеріне шақырылған құрметті қонақтардың арасында Қазақстанның және жақын және алыс шетелдердің көрнекті ұйымдастырушылары, ғалымдары болды. Бұлар Ресей Федерациясы ДСМ “Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтика университетінің” ректоры ф.ғ. д., профессор И. А. Наркевич, Харьков ұлттық фармацевтика университеті фармацевтикалық препараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор О. С. Кухтенко болды. Өзбекстан Республикасынан Махмуджанова К. С. , ф.ғ. д., профессор, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі президенті М. И. Дурманова, ҚДСЖМ қазақстандық медицина университетінің даму жөніндегі проректоры Е. Л. Степкина және басқалар қатысты.
Форумға шақырылған қонақтардың бірі “Bolashaq” академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Болдыш Светлана Камашевна болды.
14.10.2021 ж. – бейсенбі Фармация мектебінің Мерейтойына арналды, сондықтан қонақтар негізінен құттықтаулармен және баяндамалармен сөз сөйледі.
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Болдыш С. К. Мерейтоймен құттықтап сөз сөйледі. Ол Фармация мектебінің деканы ф.ғ.д., профессор Сакипова Зурияда Бектимировнаға “Bolashaq” академиясының атынан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған “Отандық Фармацияның қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері” монографиясын табыс етті.