2023 жылдың қараша айының соңғы аптасында «Bolashaq» Академиясы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Қ.Қ.Жанузахова кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия КММде «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Сынып жетекшісі 11-сыныптармен кәсіптік бағдар беру және ұлттық бірыңғай тестіге дайындалу бойынша өте қызу жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Оқушылар академияның білім беру бағдарламалары жайлы, студенттік өмірі туралы ақпараттар алды. Іс-шараға 11 «А» сыныбы түгел қатысты. Түлектерге «Bolashaq» Академиясыдағы оқу мүмкіндіктері, академия студенттерінің жетістіктері, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тыныс-тіршілігі жайлы мәліметтер таныстырылды, көптеген сұрақтарға жауап берілді, буклеттер мен академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын «ЛиМоНаД» журналдары көрсетілді. Оқушылар осындай іс-шараның өте тиімді екендігі туралы өз пікірлерін ортаға салып, өздері таңдаған мамандықтары бойынша қандай кәсіби бағдар қажет екендігі жайлы өз ойларымен бөлісті, өз тараптарынан қызығушылық танытты. Түлектер үшін берілген ақпараттар өте маңызды болды, олар өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.