“Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның еңбекпен түзеу лагерлері және олардың жалпы Жеңіске қосқан үлесі “конференциясына қатысу

2020 жылдың 29 қазанында “Руханият” ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова “Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы” мемлекеттік мекемесі және “Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы” КМҚК ұйымдастырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына және саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған “Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбекпен түзеу лагерлері және олардың жалпы Жеңіске қосқан үлесі” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Өткізу форматы: on-line конференция, ZOOM бағдарламасы арқылы.

Конференцияны өткізу мақсаты: Ұлы Жеңіс туралы тарихи жадыны сақтауға объективті көзқарасты насихаттау, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан лагерьлерінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың рөлін зерделеуге қазіргі қоғамның қызығушылығын арттыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын мәңгі есте қалдыру, осы тақырып бойынша ғалымдармен және зерттеушілермен ақпарат алмасу.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі “Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы” КМҚК басшысы С.К. Байнова болды. Конференция модераторы-мұражай қорын қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы М.И. Клышникова.

Конференцияда мынадай өзекті және аз зерттелген мәселелер қаралды:

-Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында майданға еңбекпен түзету лагерлерінің көмек көрсетуі (Карлаг мысалында).

  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі (1941-1945 жж.) Жезқазған лагерлері қамауындағы адамдардың кәсіпорындардағы жұмысы.)
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысының еңбек ресурстары.
  • Карлаг тарихын отандық зерттеудің ғылыми айналымына шетелдік әріптестер шығарған құжаттық материалдарды енгізу.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша мұражай және мүдделі мекемелермен Карлаг тарихы бойынша одан әрі бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және ынтымақтастық арқылы тарихи жадыны сақтау және көбейту туралы қарар әзірленді.

“Руханият” ҒЗО директоры Аупенова А. У.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.