“Мен жанбасам лапылдап…”

6 қазан күні “Bolashaq” академиясының жастар ісі жөніндегі комитеті жанындағы “Мейірім” еріктілер қозғалысы “Тамшы kz” қайырымдылық қорымен бірлесіп ” Мен жанбасам лапылдап” ақциясын өткізді. Еріктілер азық-түлік,кір жуғыш заттарды өлшеп ораумен айналысады, оларды барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, мұқтаж отбасыларға, зейнеткерлерге жеткізеді.

Еріктілерді қаланың шығармашылыл тұлғалары да қолдауға келді, олар Майқұдық пен Пришахтинскідегі аз қамтылған және көп балалы отбасыларды аралады.

Бастауыш сынып балалары оқитын 10 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, балаларға көп рет қолданылатын медициналық бетперделер, сондай-ақ қажетті мектеп керек-жарақтары: күнделіктер, дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, мұқабалар, сызғыштар, шығармашылыққа арналған тауарлар және т. б. берілді.

“Біздің өңірде осындай қайырымдылық акциялары қарқынды дамып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Әрбір немқұрайлы емес азамат халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау үдерістеріне қатыса алады. Академия ЖІК алдағы уақытта да олардан тыс қалмайды”, — деп атап өтті “Мейірім” ЖҚ еріктілері.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Мейірбек Байшағыров

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.