Мен сені мақтан тұтамын, Болашақ!

Ибраева Баян Мұқышқызы,
“Bolashaq” академиясының профессоры»

“Болашақ” өзекті білім беру институтына мен ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтың шақыруымен Қарағанды техникалық университетінен келдім. Менің жеке меншік ЖОО-ға көшу жоспарымда болған жоқ. Сол кезде жеке университеттер өте аз болды және бәрі қорқып, оның не екенін білмеді. Бірақ мен тәуекелге барып, мемлекеттік университеттен жеке меншік университетке түстім. Бұған бірнеше себеп болды.

Біріншіден, мен ректормен сұхбаттасуға келгенде, ұзақ мерзімді перспективалары бар және олар жүзеге асырылатынына сенімді жас, ынталы ер адамды көрдім. Ол 5-10 жылдан кейін осы университеттің қандай болатындығы туралы айтты және мен оның әр сөзіне сендім. Ол шынайы, нақты нәрселерді айтты, түңіліс көрінбеді.

Екіншіден, институтпен танысу кезінде мені кітапхана таң қалдырды. Мемлекеттік университетте жұмыс істей отырып, бізге студенттерді ескі әдебиеттермен оқытуға тура келді, олардың көпшілігі КСРО-да шығарылды. Ал Болашақта жаңа әдебиеттер жеткілікті мөлшерде болды. Бұл мені де таңғалдырған жайт! Бұл өте заманауи болды. Нұрлан Орынбасарұлы әрдайым уақытпен қатарласа жүреді.

Үшіншіден, политехникалық ЖОО-да мен студенттер оқу бітіріп шығарылмайтын кафедрада жұмыс істедім. Ал Нұрлан Орынбасарұлымен әңгіме барысында “Шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша студенттерді даярлайтын кафедра ашу ұсынылды. Табанды адам ретінде мен, әрине, келістім. Мен осы мамандықты ашып, түлектердің жұмыс нәтижелерін көргім келді.

Төртіншіден, ЖОО-дағы жағдай өте оңтайлы болды. Менің жалақым екі есе өсті. Ал оқу жүктемесі екі есе азайды. Институт маған жол жүру билетін төледі, университет ашылған алғашқы күннен бастап барлық қызметкерлер мен студенттерді әлеуметтік қорғау жоғары деңгейде болды. Осы уақытқа дейін ол Болашақтың ерекше жағының бірі болып қала береді.

Мен Болашақтың ірге тасы қалануынан бастап жұмыс істеймін, осы жылдар ішінде біз атымызды, мәртебемізді өзгерттік, бірақ оның ішкі құрамы : оқытушылар мен студенттер үшін жұмыс пен оқудың қолайлы жағдайлары, әріптестерімізге құрметпен қарау бұрынғысынша өзгеріссіз қалды

Болашақта мен өз ойларым мен идеяларымның үлкен көлемін іске асырдым деп айтқым келеді. Үлкен университетте бұл мүмкін емес. Ал Болашақта осы күнге дейін барлық жаңа, прогрессивті шаралар қабылданады. Басшылық өзінің әріптестері мен студенттерінің моральдық және материалдық идеяларын қолдайды, себебі ЖОО имиджі де осыған байланысты.

Менің арманым – грант ұтып алу еді, біз оны жеңіп алдық, биыл осы жобамен жұмысты аяқтаймыз.

Біздің кафедрада “БҰҰ Моделі” Ted Tooks ойыны және басқа да жобалар әзірленді.

Біз барлық жаңа нәрселерді сынап көрдік және уақытпен қатарласа жүрдік, ал басшылық бізді қолдады.

Түрлі уақыттар болды, бірақ біз әрқашан өзіміздің университетіміздің қолдауын сезіндік, бұл өте сенімді тыл. Әлемнің көптеген елдерінде жаппай пандемия мен экономикалық тұрақсыздық кезінің өзінде Болашақ өз ұжымы мен студенттерінің қасында.

Болашақ сіздің бастамаларыңызда сізді қолдайды, идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі. Болашақ сіздің проблемаларыңызға көмектеседі.

Бүгін мен Болашағыма мақтанышпен қараймын. Мен дамуды жалғастыра беретінімізді көремін. Профессор Ақылбаевты үлкен құрметпен еске аламын, ол біздің институттың Президенті болды.

Біз қазір Болашақта оқытылмайтын мамандықтарды қайтаратынымызға сенгіміз келеді, бұл біздің табандылығымыздың кепілі бола  отырып, қызмет ету үшін қанат жаюға мүмкіншілік береді. Қазір бізде бакалавриат, магистратура және докторантура бар. Менің арманым-барлық мамандықтар бойынша магистратура мен докторантура болуы. Ол үшін бізге кадрларымызды өсіру керек. Биыл шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы магистратура ашты. Бұл үлкен жетістік. Мен болашаққа көз сала отырып  біздің мамандығымыз бойынша докторантураны аша алатынымызға сенімділік білдіремін.

Өткен жылы біздің кафедраға даму үшін қаражат бөлінді. Бұл – Болашақ өз болашағына инвестиция салады деген сөз. Мен біздің дамуымызға оптимистік көзқараспен қараймын. Мен Қазақстанның және өңірдің білім беру кеңістігінің ортасында аяғымызға нық тұрғанымызды көремін және Болашақта жұмыс істейтіндер өз болашағына сенімді.

Басқа жоғары оқу орындарының жеке қызықты (материалдық) ұсыныстарына қарамастан, мен Болашағыма адал болып қала беремін.

Болашақ материалдық әл-ауқаттан гөрі адамның рухани дамуына мүмкіндік береді.Болашақты сүйетін адам болашақтан барлық жылулықты табады.

Ең басты ерекшелік – студенттер мен қызметкерлер үшін, дамығысы келетін және өз болашағына сенетін барлық адамдар үшін қолайлы жағдайлар. Бұл адамды алға тартады, уақыт өте келе болашағыңнан кеткің келмейді, ол туған үйіңе айналады.

Болашақ өз қызметкерлері мен студенттеріне үлкен әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсетеді.

 Біздің кафедраның студенттері халықаралық бағдарламаларға, конкурстарға қатысады, оларды жеңеді. Осындай бағдарламалардың ішінде – шетелде оқу. Біздің студенттеріміз Америкада, Германияда, Францияда білім алды, ал басшылық барлық мәселелерді (оқу, жеке) шешуде бейілділік танытады.

Болашағыма бақ-береке тілеймін. Біздің ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігіне сенемін. Біздің оқытушылардың үлкен әлеуетіне сенемін. Мен қандай ізбасарлардың өсіп келе жатқанын мақтанышпен көремін

Менің түлектерімнің өз түлектерін қалай дайындап жатқанын мақтанышпен көремін. Біздің түлектерімізді және менің әріптестерімді атап өткім келеді Калижанова Анна Николаевна, Ишмуратова Маргарита Юлаевна, Ибрахимова Камила Талғатовна, Куанова Перизат Ардаковна, Абдисапаров Алдай Алдиярович. Бұлардың барлығы біздің  түлектеріміз.

Мен оларды мақтан тұтамын. Бұл біздің жоғары оқу орнымыздың дамуына көптеген жылдар бойы үлес қосатын үлкен әлеуеті бар мамандар.

Бізге ҚарМУ-дан жұмыс істеуге келген Марышкина Таисия Ввладимировнаны мақтан тұтамын. Бұл үлкен шығармашылық әлеуеті бар қыз және оны Болашақ қабырғасында жүзеге асырады. Кафедраның ерекше мақтанышы17 жыл жұмыс істеп келе жатқан біздің ардагер – Бегахметова Балжан Каировна.

Оразгалиева Фарида Шамсуловна бізбен 10 жылдан астам уақыт болды. Осы жылдар ішінде кафедра мен ЖОО-ның дамуына үлкен үлес қосты.

Гусева Елена Юрьевна-шығармашылық тұлға, онымен жұмыс істеу өте ғанибет.

Лебедева Галина Владимировна көптеген жылдар бойы қала маңындағы жерден келіп істейді. Бұл көп нәрсені білдіреді. Демек оған ұнайдыдеген сөз.

Кашуро Александр Сергеевич көптеген жылдар бойы Станиславский театрында және біздің кафедрада жұмыс істеп үлгеруде.

Рахимбаева Баян Турабековна-біздің кафедраның мықты әдіскері.

2020 жылы менің шақыруым бойынша жас ғалым Газиханова өзінің еңбек жолын бастады. Оның келуімен кафедра  дамуында жаңа орам бастау алды.

Мен барлық әріптестерімнің аттарын атағым келеді, егер мен біреу туралы айтпасам, кешірім сұраймын.

Бүгінгі таңда Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы-мемлекетке жоғары білікті кадрлар дайындауға қабілетті мықты, бәсекеге қабілетті ұжым.

Университетімізге, ұжымымызға, студенттерімізге зор денсаулық, одан әрі өркендеу мен табыс тілеймін.

Біздің ЖОО өзінің 50 жылдығын, 75 жылдығын және жүз жылдығын атап өтеді деп сенемін. Мен өз кезегімде осының бәрін өз көзіммен көріп, оның дамуына атсалысқанымды қалаймын.

Ибраева Баян Мукушевна, “Bolashaq” академиясының профессоры

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.