Мектеп түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы

18.04.2022 жылы “Қаржы” кафедрасының аға оқытушысы Усувалиева З.К. Жаңаарқа кенті мектептерінің 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс келесі мектептерде жүргізілді:

  1. Бименде Амалбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп-үш бітіруші сыныпта 56 оқушы;
  2. Оразалы Жұмабеков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасындағы ресурстық мектеп-үш бітіруші сыныпта 56 оқушы;
  3. Ақселеу Сейдімбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп-16 оқушы, бір бітіруші сынып;
  4. Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп-екі бітіруші сыныпта 25 оқушы.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде бітіруші сынып оқушылары академия мамандығына қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Сондай-ақ Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ 11 сынып оқушысы “Bolashaq” академиясы өткізген “Жас филолог” облыстық олимпиадасында грантты жеңіп алды, ол біздің академияда жоғары білім алуға ниетті.

“Қаржы” кафедрасы жоғарыда аталған мектептердегі әріптестерімізге:

Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ директоры Тұрғынбеков Айтқожа Жексенбекұлына;

А. Сейдімбеков атындағы ЖББМ директоры Тәшімбаева Бақыт Аманбайқызына;

Бименде Амалбеков атындағы ЖББМ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Садвокасова Ақтоты Алпанқызына ;

Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы ресурстық мектептің бастауыш сынып мұғалімі, “Bolashaq” академиясының дПМНО-20-3с тобының студенті Мырзабекова Жарқынға оқытушы З.К. Усувалиеваға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.

Бименде Амалбеков атындағы ЖББМ:

Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы ресурстық мектепте:

А. Сейдімбеков атындағы ЖББМ:

Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ:

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.