№15 жалпы білім беретін мектепте 03.12.2021-14.01.2022 медициналық сынып оқушылары арасында “Медицинаға қадамдар” қашықтық форматында конкурс өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаттары: қазіргі қоғамдағы жағдайға – коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты медицина қызметкерлерінің рөлін арттыру.
Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, медициналық білімдерін бекіту, медицинаға және формацияға қызығушылығын арттыру, оқушылардың кәсіби бейімделуіне ықпал ету.
01.03.2022 ж. “Zoom”бейнеконференция форматында қалалық қашықтықтан байқаудың үшінші кезеңі өтті.
Қазылар алқасының құрамына “Bolashaq” академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.С. Темиреева кірді, ол Қарағанды қаласының білім бөлімінің бастығы Е. М. Әшімнің алғыс хатымен марапатталды.