18.02.22 ж. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттер арасында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Д.Б. Нұртаеваның жетекшілігімен “Мамандығым – мақтанышым” атты кездесу өтті. Кездесуге Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы орталығының басшысы з.ғ.к., доцент Е.Е. Серімов шақырылды.
Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты студенттердің таңдаған мамандығы бойынша өз пікірін қалыптастыру, ойын еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу болды.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге – әйтеуір мамандық алу керек болған соң және т.б. Мамандықты таңдау үшін жас адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін анықтап алуы қажет, өзі-өзіне: «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі, қоғамдағы орным қайсы?», «Қалайша өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Осының негізінде студенттер өздері таңдаған мамандығы бойынша ой пікірлерін ашық білдірді.
Қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі – заңгер мамандығы болғандықтан, Ю-21-2 тобының студенті Усербаева Жанаргул білікті заңгер болып, қоғамдағы әлсіз жандар мен балаларды қорғағысы келетінін айтты.
Студент Дюсембекова Венера өзі таңдаған құқықтану мамандығын мақтан тұтатынын және академияны бітірген соң, болашақта ішкі істер органдарында қызмет жасағысы келетінін білдірді.
«Заңгер мамандығы қыр-сыры мол мамандық,себебі еліміздің заңдарын білу, әрбір жеке тұлғаның адам ретінде құқығын шектемеу» деген сөзбен ойын бастаған Кеңес Бекболат осы мамандықты өз қалауы бойынша таңдағаны жайында сөз етті. Бекболат болашақта құқықтану мамандығын тәмамдап, полиция қызметкері болғысы келеді екен.
Жалпы студенттер құқықтану мамандығын өздерінің қалауы бойынша таңдағанын, осы мамандықтын желісінде болашақта қызмет атқарғысы келетінін және өздерінің мамандықтарын мақтан тұтатынын ашық жеткізді.
«Құқықтану» мамандығы қазіргі қазақстандық қоғамда ең қажетті, әрі тез дамып келе жатқан шаруашылық-құқық саласындағы қажетті мамандық.
Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады, іскерлік қауымдастықта әрқашан да, кез-келген жағдайда да үлкен қажеттілікке ие болып отырған мамандықтардың бірі.
Сондықтан студенттердің ой-пікірлерін саралай келе, олардың мамандық таңдауда дұрыс шешім жасағанын аңғаруға болады. Кездесу соңында студенттерге сәттілік тіледік.