Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 1 маусымда басталды

Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым-15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі.

Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.