Қазақстан Республикасы БЖҒ министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №604 бұйрығымен (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулармен ) бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың және 7М01102-«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес 2021 жылғы 08-қараша мен 27-қараша аралығында 2 курстың магистранттары педагогикалық практикадан өттті. Мақсат – педагогикалық қабілеттерді, стратегиялық ойлауды, студенттерге жетекшілік ету қабілетін дамытуды көздейді. Осы орайда мынадай міндеттер басшылыққа алынды:
• оқу бағдарламасын меңгеру барысында алған дағдыларын бекіту;
• білім беру бағдарламаларының жаңалықтарын зерделеу;
• өз бетімен жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын жетілдіру.
Практикаға жетекшілік еткен п.ғ.к., доцент Г.К. Әбілқасымова.
МПП-20-1,2, МИН-20-1,2, МУ-20-2, МК-20, МФ-20-2 оқу топтарының магистранттары педагогикалық тәжірибелерін аяқтады. Магистранттар сабақтарын бакалавриаттағы оқу топтарында жүргізді. Сабақ беру әдіс-тәсілдерін сәтті меңгерді деуге толық негіз бар.



