Секция бойынша барлығы 16 ғылыми мақала ұсынылды.
Конференцияға Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің және “Bolashaq”академиясының магистранттары қатысты.
Секция жұмысына қатысу үшін келесі мәселелер қозғалған ғылыми мақалалар ұсынылды:
- виктимологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы мәселелері, оның қылмыстың алдын алудағы маңызы;
- қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы мемлекет ісін басқаруға қатысу мәселелері;
- бас бостандығынан айыру орындарындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы мәселелері;
- рецидивті қылмыстың детерминанттары;
- Қазақстан Республикасы мен Польшадағы конституциялық бақылау ұйымдарының қызметін салыстырмалы құқықтық талдау;
- қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері;
- алқабилер сотының тарихи аспектілері және т. б.
Секция отырысын заң ғылымдарының кандидаты, профессор А.Т. Қабжанов модерациялады.
Секция жұмысына магистранттар, заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері қатысты.
Секциялық отырыс аясында кәсіпкерлік, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық және қылмыстық-атқару құқығының, криминологияның, салыстырмалы құқықтанудың проблемалық аспектілері, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды
Конференцияға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алуға, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
А. А. Кусаинованың “Виктимологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, оның қылмыстың алдын алу үшін маңызы”, А. Алдабаева мен А. Алғожаның “Қылмыстың жасалу тетіктері туралы бірер сөз” және т. б. атты баяндамалары секция отырысына қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Профессор А.Т. Қабжанов қатысушылардың назарын ғылыми мақалаларды жазу ережелерін сақтау қажеттілігіне аударып, магистратураның ғылыми мақалаларының құрылымы мен стилистикасын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты.
Отырысқа қатысушылар атап өткендей, конференция Академия магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау үшін тиімді алаңға айналды.
Талқылау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар қоғам алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаңа міндеттер қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны, адам құқықтарын қорғау тетіктерін және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажеттілігін негіздейтінін атап өтті.
Секциялық отырысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға конференцияны ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін алғыс білдіреді.