Биылғы жылдан бастап қазақстандықтар Наурыз мейрамын – Наурызнаманы жаңа форматта атап өтуде. Енді мерекелер 10 күнге созылады. Онкүндік 14 наурыздан басталады -“Көрісу күні-Амал мерекесі”. Бұл күні бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау, ізгі тілектер білдіру және аға буынға құрмет көрсету әдетке айналған болатын.
Әр күннің символдық және идеологиялық бағыттарға терең бойлайтын өзіндік мәні бар.
15.03 күні «Bolashaq» Академиясында «Ұлттық тағам» күніне орай сайыс өтті.
Бұл шараның мақсаты-ұлттық тағамдарды сақтау және танымал ету, олардың ерекшеліктерін зерттеу, көшпенділердің бірегей тағамдарын заманауи интерпретацияда дайындау және оны өзара тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға үйрету.
Қазақ халқының ұлттық асханасы өте бай екені мәлім. Бабаларымыз тұтынған азық-түліктер мен дәмі тіл үйіретін тағамдарының дені дәрумендер мен ақуыздарға толы, жоғары калориялы, құнарлы болып келеді.
Осыған сай академиямыздың кафедралары мен бөлімдері қазақтың ұлттық тағамын насихаттау мақсатында ұлттық дастархан сайысына қатысты:
«Педагогика» кафедрасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы;
«Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы;
«Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасы;
«Фармацептикалық пәндер» кафедрасы;
«ТБ, ҚББТ, ОӘБ» бөлімдері;
Арнайы өткізілген іс шарада қатысушылар тағамдардың шығу тарихы, жасалу жолдары мен ерекшеліктерін таныстырды.
Қатысушылардың жайған дастархандарына, киім киісіне назар аударылды. Сайыс көрермендері тағамдардан дәм татып, оның шығу тарихы мен жасалу жолдарымен танысты. Қорытындылай келе, әділқазы алқалары ұлт өкілдерінің барлығы асханаларын бірдей жоғары деңгейде таныстырды деген баға беріп, барлықтарын сыйлықтармен марапаттады:
- 1 орын- «Педагогика» кафедрасы
- 2 орын- «ТБ, ҚББТ, ОӘБ» бөлімдері
- 3 орын- «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы