«Ұлттың ұлы ұстазы» конкурс-викторинасы

2022 жылдың 13 қыркүйегінде «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы М.С. Смағұлова және К-20-1 тобы 1-4 курс студенттері арасында конкурс-викторина ұйымдастырды.
     Аталған іс-шара Қазақстан халқының Тілдер күніне және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған.

Іс-шараны «Bolashaq» академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Райхан Налжигитовна ашты.
Қазылар алқасының құрамына: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы – Абылбаева Б.А.; ЖІК маманы – Қожахметов М. А., әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор – Исмаилова Р. Н. кірді.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.


1 кезең-Блиц-викторина;

2 кезең-байқауға қатысушылар А. Байтұрсыновтың белгілі шығармаларын жатқа оқыды;

3 кезең – «Мақал-мәтелдер»байқауы  

         
Конкурс қорытындысы бойынша:


1 орын – «Маса» командасы (дәріхана)
2 орын – «исповедники» командасы – («Құқықтану»ББ)
3 орын – «Жастар» командасы (Педагогика)

Барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.