Ұлы Платон: “Көмек – өмірдегі бар немесе мүмкін болатын зұлымдыққа кедергі”, – дейді. Және бұл терең мағынаға ие! Әлеуметтік қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік саясат қолдау мақсатында және қоғамдағы жағымсыз салдарларды болдырмау мақсатында барлығына көмек көрсетуді көздейді. Осыған байланысты біздің академияның әлеуметтік қолдау бағдарламасына қатысуы біздің басшылықтың көрегендігі мен қамқорлығының көрсеткіші болып табылады.
Бұл күндері біздің академияда көкөністерді тегін тарату қарқынды жүріп жатыр. Жыл сайын Академияның барлық қызметкерлеріне әлеуметтік көмек түрінде көкөніс жиынтығын таратып беру дәстүрге айналды. Биыл олар әдеттегідей көп және әртүрлі болды! Мұнда картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша бар. Бұл тек винегрет жиынтығы ғана емес, сонымен қатар дәруменді өнімдермен толыққанды, ең бастысы үш айға жуық дұрыс тамақтануға берілетін мүмкіндік!
Ойлап көрсеңіз, бізге тек көкөністер берілген сияқты! Алайда, ЖОО басшылығы мен құрылтайшының шынайы қамқорлығы жүрегімізге жылу әкеледі. Бұл біздің ұжымда қалыпқа айналғаны – жыл сайын оқу жылының басында осындай қолдау, көмек алуымыз, тіптен ғанибет! Біз әрқашан күздің басында осындай көмек болатынына сеніп, қысқы уақытқа дайындық барысындағы іс- жоспарларымыздың жеңілдейтінін алдын-ала біліп отыратын болдық. Мен жақында ауылшаруашылық жәрмеңкесінде болдым және бізге міндетті түрде көкөніс жинағы берілетініне деген сенімім сол жерде менің отбасылық бюджетімді ұтымды пайдалануыма себебін тигізді. Бұл үлкен игілік, отбасымызға келген береке! Өйткені, ертеңгі күнге деген сенімділіктен артық ештеңе жоқ!
Халық “Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды” дейді, яғни жақсылық көп болса- мұқтаждық аз. Бұл дәстүр мәңгілік болсын және біздің ұжым ештеңеден тарықпасын!
Адамдарға деген мейірімділік пен шынайы қамқорлық үшін басшылыққа көп рахмет!
Коллектив кафедры правовых и финансовых дисциплин