Академияда жаңа оқу жылы басталысымен-ақ «Рухани жаңғыру» шаралары жаздық үзілістерден соң қайта қолға алына басталды.

«Латынша жазып үйренейік» дәстүрлі тақырыпқа арналған Академияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Исмаилова Райхан Налжигитовна әр білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттеріне латын қарпі бойынша кезекті сабақтарын өткізді. 1-4-курс студенттеріне жекеленген сөздердің айтылым-жазылымын түсіндіріп, орфоэпия, орфография ережелерін естеріне түсіріп өтті. Сабақта латын әрпіне арналған слайд қолданды. Студенттер бұл дәрісті қызыға тыңдады.

Мәселен, «tez kelu – tezgeluu» сөз тіркесі жазылуда бөлек те, ал айтылу кезінде қатаң «к» әрпі «г» болып ұяңданатынын нақты мысалдар келтіру арқылы түсіндірді, бұл ережелер білімгерлер көкейіне қонып жатты.

