2021 жылғы 18 ақпанда «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қарағанды қаласының студенттері үшін онлайн режимінде «Кәсіпкерлік қызметті қолдау және дамыту. Жастар арасында шағын бизнесті дамыту» бизнес-тренингін өткізді.


Бизнес-тренингке академияның барлық білім беру бағдарламалары студенттері қатысты.


Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқытудың бастамашысы «Атамекен» ҰКП Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасының 11-тармағына сәйкес, сондай-ақ жастар арасындағы кәсіпкерлік үлесін арттыру мақсатында болды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсының мазмұны салық салу режимдерін айқындау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін, маркетинг негіздерін, тиісті өңірде талап етілетін бизнес-жобаларды және басқа да тақырыптарды зерделеуді көздейді.

