“Кәсіпкерлік қызметті қолдау және дамыту. Жастар арасында шағын бизнесті дамыту” бизнес-тренингі

2021 жылғы 18 ақпанда “Атамекен” Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қарағанды қаласының студенттері үшін онлайн режимінде “Кәсіпкерлік қызметті қолдау және дамыту. Жастар арасында шағын бизнесті дамыту” бизнес-тренингін өткізді.

Бизнес-тренингке академияның барлық білім беру бағдарламалары студенттері қатысты.

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқытудың бастамашысы “Атамекен” ҰКП Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасының 11-тармағына сәйкес, сондай-ақ жастар арасындағы кәсіпкерлік үлесін арттыру мақсатында болды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсының мазмұны салық салу режимдерін айқындау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін, маркетинг негіздерін, тиісті өңірде талап етілетін бизнес-жобаларды және басқа да тақырыптарды зерделеуді көздейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.