2022 жылдың 22 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында академия оқытушылары Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылының 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды.

Оқушылар академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат алды.

