22-23 қыркүйек аралығында ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында ведомстволық жоғары оқу орнының негізін қалаушы Барымбек Бейсеновтың 100 жылдық мерейтойын атап өтті.
Бейсенов Баримбек Сәрсенұлы Қазақстанның ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының басқа да одақтас республикаларының құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау жөніндегі жоғары ведомстволық білім негіздерін құруға баға жетпес үлес қосты.
Мереке бағдарламасында Б.Бейсенов ескерткішіне гүл шоқтарын қою, конференция, А.Тұмарбеков, Р. Қайдаров, К. Мұқашев атындағы атаулы аудиторияларды, Д. Кенжетаев атындағы кітапхананы ашу, ҚЖМ құру туралы стела ашу, құрметті қонақтармен ағаш отырғызу, ант беру рәсімі жоспарланған.
Біздің ЖОО атынан Академия ректоры Гүлнара Мусиевна Рысмағамбетова қатысты.