«Halloween»кураторлық сағаты

3 қарашада Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Әбілжан Алтынай Болатқызы «Halloween» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағатқа 1, 2 және 3 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты: ағылшын тілді елдерде бар «Halloween» өткізудің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері туралы оқушылардың білімдерін жалпылау.

Міндеттері:

-студенттердің мәдени және шығармашылық қызметін жандандыру;

-оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту;

-студенттердің шет тілінде де, ана тілінде де ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамытуды жалғастыру;

-адамның төзімділік, ізгі ниет, жанашырлық, парасаттылық, мейірімділік, достық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу;

-басқа (бұл жағдайда ағылшын тілінде сөйлейтін) елдердің тарихы мен мәдениетіне, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Іс-шара барлық қатысушылар үшін өте қызықты және танымдық түрде өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.