Интеллектуалды ойын

 2020 жылдың  20-ыншы ақпанында “Bolashaq” академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері “Мұрагер” мамандандырылған мектеп-интернатында Абайдың 175 жылдығына орай интеллектуалды ойын ұйымдастырды.

 Кешті Рауана Рахимбекова Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, көз қарақты көрерменің назарын өзіне бір қаратса, ойын Мағрұпжан Бексұлтан мен Өміртай Төребайдың  қайталанбас сұрақтарымен жалғасты.  

Ойын 10-сынып оқушыларының қатысуымен өтті, яғни «Тұлпар» және «Ғақия» топтары бақ сынасып,өз алғырлықтарын көрсетті. Ойын өте тартысты өтті. Қазылар алқасының шешімімен «Тұлпар» тобы жеңіске жетті. Оқушылар Абай Құнанбаевқа арналған сұрақтарға еш қиналмай, ұтқырлықпен жауап бере отырып Абайдың қара сөздерінен үзінділер оқылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Кеш соңында академиямыздың  Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы Исмаилова Райхан Налжігітқызы “Мұрагер” мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына оң пікір айтып, ақ тілегін білдірді.  

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.