ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылдың 25-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңін өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: ең дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу, сонымен қатар, қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту.

Олимпиадаға қатысу шарттары
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің мемелекеттік және мемлекеттік емес ЖОО студенттерінің топтары шақырылады. Олимпиадаға қатысу үшін 3 (үш) студенттен тұратын топ жіберілуі тиіс (жетекшісін қоспағанда). 2017 – 2019 жылдар аралығындағы Республикалық олимпиада жеңімпаздары қатысуға рұқсат етілмейді.
2020 жылдың 15 наурызына дейін қағазда («ХII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға» белгісімен) мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, РМК «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» немесе электронды пошта арқылы жауапты тұлғалар келесі құжаттар қабылданады:

  1. Қатысу үшін өтініш (әрбір қатысушы үшін жеке);
  2. І кезең қорытындысы бойынша хаттама және ректор (проректор) қолы қойылған хат;
    Олимпиадаға қатысты барлық шығындар олимпиадаға жіберуші тарап есебінен өтеледі (келу, кету, тамақтану, тұрғылық орын).
    Өткізілу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
    Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс.
    Байланыс үшін: 8 (727) 377 33 33, іш.:11-62.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.