29 қазанда ғылыми зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығы Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында, Беларусь Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Италияда көпмәдениетті білім берудің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.
Ғылыми-әдістемелік семинарды п.ғ.д., профессор Куриленко Виктория Борисовнаның жетекшілігімен РХДУ орыс тілі кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шара тиісті ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Айтылған баяндамалар семинарға қатысушылардың ғылыми қызығушылығын тудырды.
Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар елдер арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайта отырып, озық білім беру тәжірибелерімен алмасу алаңына айналды.