ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІК

Ағымдағы жылдың ақпанның жетінші жұлдызында Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Батыр» спорт кешенінде «2020 жыл – Еріктілер жылы» аясында «Ерікті болу – ерлік» атты «Bolashaq» Академиясының студенттері мен оқытушылары арасында мини-футболдан ашық турнир өтті.

Аталмыш турнирге 7 команда қатысты. Атап айтсақ:

1. «Ecvitos»

2. «Пахтакор»

3. «Динамо-САМ»

4. «Абзал жандар»

5. «Pharmacy»

6. «Bolashaq»

7. «Ruh.kz»

Ойын өте тартысты өтті. Бас кубок және «Чемпион» атағы үшін тартысқа түскен командалар былтырғы «Жастар жылына» қарағанда биыл едәуір басым түсті. Екі топтан суырылып шыққан командалар өзара бақ сынасты. «Фармация» мамандығының студенттері «Абзал жандар» болашақ филологтар «Ruh.kz» командасын 4-1 есебімен ойсырата жеңіп, ақтық мәреге жолдама алса, Өзбекстандық «Pharmacy» командасы жерлестері «Динамо-Сам» жігіттерін 4-2 есебімен жеңіп «ақ халаттылармен» финалда кездесетін болды.

Үшінші орынға таласқан «Ruh.kz» командасы көршілес өзбек ағайындарынан басым түсіп, қола жүлдені қанжығасына байласа, былтырғы жылы күміс медальдарының иегерлері «Абзал жандардың» бағы жанып, бір мамандықта оқитын фармацевттерді 2-0 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болған ойыншылардың қатары аз емес. Фм-18-3 тоының студенті Бунед Курбонов «Үздік ойыншы» номинациясына ие болса, «Қаржы» мамандығының студенті Жанат Танашевқа «Үздік қақпашы» номинациясы бұйырды.

Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек БАЙШАГИРОВ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.