2020 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысының студент жастары үшін онлайн режимінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы” атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы “Bolashaq” академиясы болды.
Іс – шараның модераторы Болашақ Республикасының Президенті – Мағрұпжан Бексұлтан.
“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ.Н. Меңлібаев құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел спикерлері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде қалыптасу жолдары, оның мемлекет үшін қосқан үлесі мен рөлі туралы айтып берді.
Іс-шарада келесі спикерлердің баяндамалары тыңдалды:
Ізтілеуов Дәурен Досымұлы – Жаңаарқа ауданы Жастар ресурстық орталығы КММ -нің директоры;
Ахметова Ботагөз Телманқызы – Bolashaq академиясының Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры;
Мейірхан Мырзаханұлы – Syrdariya University Students’ Union төрағасы, Жастар бөлімінің басшысы;
Қожахметов Мәрлен Асқарұлы – Bolashaq студенттік Республикасының Білім және ғылым министрі; Ташимбекова Назерке Мұсатайқызы – Көпсалалы гуманитарлы -техникалық колледжі Экономикалы-құқықтық және гуманитарлы бөлімінің бас маманы, Жас Отан ЖҚ бөлімше төрайымы;
Шанжың Айбота Нәбиқызы – “Қазақстан Волонтерлар Лигасы” ҚҚ Өскемен қаласы филиалының төрайымы;
Мұсырман Шадияр Төреханұлы – ҚарМУ пікірсайыс клубының Президенті.