ҚР Экологиялық кодексінің жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 27 қарашасында “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасын (Teams бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып) талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ. к., профессор А.Т.Қабжанов кіріспе сөз сөйледі.

Баяндамашы әлемде жаңа әдістемелер мен технологияларды қолданудың оң тәжірибесін ескере отырып, экологиялық кодекс жобасына енгізілген негізгі жаңалықтарға, нормалаудың негізгі мәселелеріне, барлық өңірлер бойынша қоршаған орта сапасының көрсеткіштеріне, экономиканың түрлі салаларында стратегиялық экологиялық бағалауға, ҚОӘБ тәсілдерін реформалауға, экологиялық рұқсаттар беруге, эмиссиялар нормативтерін айқындауға, деректерді нақты уақыт режимінде беруге және басқа да көптеген мәселелерге назар аударды.

Аға оқытушы С.И. Копжасарова экология бойынша мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мәселелерін мұқият қарастыру, Қазақстан экономикасының салалық ерекшеліктерін ескере отырып біліктілікті арттыру жүйесін енгізу және мамандарды тәуелсіз сертификаттау орталықтарын, қоршаған орта сапасын мониторингілеу бойынша кәсіпорындар мен зертханаларды құру қажеттілігі туралы айтып берді. Бұл ұсынысты дөңгелек үстелге қатысушылар қолдады.

Кафедраның аға оқытушысы А. К. Ахметова баяндама жасады.

Ол өз сөзінде, өкінішке орай, экологиялық бұзушылықтардың өсуі, табиғатқа келтірілген залалдың өсіп келе жатқанын атап өтті.

Сөз сөйлеу барысында қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру сапасы, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде жұртшылықтың рөлінің жеткіліксіздігі, ақпаратты сапалы жинау және тиісінше туындаған проблемалардың неғұрлым тиімді шешімдерін қабылдау, экологтар мен бизнес мүдделерінің теңгерімі, табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялардың тиімділігі, олардың кәсіпорындар мен тұтастай бизнестің қаржылық көрсеткіштеріне әсері мәселелері бірнеше рет көтерілді.

Дөңгелек үстел қатысушыларына экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұртшылықтың, қауымдастықтардың және сарапшылардың пікірлерін толық есепке алу негізінде жақын арада Экологиялық кодекс жобасын неғұрлым белсенді талқылау басталатыны туралы хабарланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.