Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасы дуальды білім беруді жүзеге асыру аясында “Алтын сақа” бөбекжай – балабақшасы кафедра филиалымен ынтымақтастықты жалғастыруда. Аға оқытушы Жанысбаева Р.М. “Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару” пәнін оқу кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың іс жүзіндегі қызметкерлерін оқу процесіне тартады. Семестр бойы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері оқытушымен бірлесіп практикалық циклдің офлайн және онлайн режимінде сабақтар өткізеді.
Жұмыстың бұл түрі студенттердің танымдық қызығушылығын арттырады, кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады. Бұл сабақтардағы ең құнды нәрсе-пікірталастар, талқылаулар, әңгімелер барысында теорияның практикамен байланысы принципі жүзеге асырылады.