Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін On-line режимінде бірқатар дипломдық жұмыстарды қорғады.
Қарағанды «Bolashaq» академиясының 7 білім беру бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 29 сәуірінде басталған сырттай оқу бөлімін бітіруші студенттерінің диплом жұмысын қорғау үдерісі елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты онлайн режимінде өтуде.
6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша диплом жұмысын қорғау қолжетімді ақпараттық онлайн коммуникациялық технологиялардың қолданылуымен өткізілді.
Диплом жұмысы тақырыбының көпшілігі бүгінгі білім талаптарымен толықтай үйлеседі, яғни қазақ жазуын латын графикасына көшіру, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы негізінде, «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясындағы идея мазмұнына сай алынған.
«Bolashaq» академиясында онлайн үлгісінде диплом жұмысын қорғау жақсы жолға қойылғаны байқалады, яғни жетекші пікірі, жұмыс қорытындысы бойынша сырттан берілетін сын пікір, нормалық бақылау парағы, жұмыстың антиплагиат бағдарламасынан өткені туралы құжаттар талапқа сай келеді.
Бакалаврлық диплом жұмысына берілген сын пікірден жұмыспен толық танысқаны байқалады, сын пікір беруші онда жұмыстың тақырып мазмұнына сай орындалып, қойылатын талапқа сай жазылғанын, мәселені талдап, дұрыс саралай алғанын атап өтеді.
Сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелері мен ғылыми жетекшілері де өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен сезінді. Диплом жұмысының кемшіліксіз қорғалуына қызығушылық танытып, студенттердің белсенділігін арттыруға ықпал етті. Кафедра оқытушыларының, соның ішінде топ кураторының да корпоративтік рухы, жұмыс барысындағы ынтымақтастығы, бірлікті қарым-қатынасы айқын көрінді.
Сонымен қатар бітірушілердің де өз тақырыбына деген ынтасы, оны айқын әрі нақты түрде жеткізсем деген талап-жігері де қорғау үстінде айрықша сезілді. Студенттер онлайн режимін жақсы меңгерген және дайындықтары жоғары деңгейде. Бакалаврлық диплом жұмысына қатысты қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды, сапалы жауап берді. Бакалаврлық диплом жұмыстары оқу үдерісіне енгізіліп, өздері сабақ беретін сыныпта пайдаланылған, тақырыбы бойынша көрсетілген таныстырылым (презентация) слайды талапқа сай безендірілген.
Жұмысын үздік қорғап, белсенділігімен көзге түскен студенттерге алда магистратураға түсуге кеңес берілді. Мәселен, қорғау барысында ерекшеленген мынадай дипломшыларды атап өтуге болады: Азимбеков Б., Аймағамбетова А., Амантаева А., Ахметжанова Э., Иманбекова Б., Муханова Г., Сексенова З. Байжуманова А. т.б..
Жалпы, онлайн режімінде диплом жұмысын қорғату қандай да бір айтқандай қиындық туғызған жоқ, қайта студенттердің монитор алдында қысылмай еркін сөйлеп, ой-пікірін сасқалақтамай жүйелі түрде жеткізуге тырысқанын байқадық.
Сондықтан онлайн режимінде басқа да жұмыс түрлерін (дәріс, семинар, СОӨЖ, конференция, практика қорытындысын шығару т.б.) өзінің тиімділігін көрсетті. Мұндай үдерісті белсенді түрде қолға алып, ары қарай да жетілдіру – заман талабы.