2020 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды қаласының студенттері үшін ZOOM платформасында онлайн режимінде экстремизм, терроризм мәселелері бойынша бейне дәріс өтті.

Шараны ұйымдастырушы-Қарағанды облысы бойынша полиция департаменті.

Спикерлер ретінде: Айбек Тұрсынұлы-теолог, Қарағанды облысы Дін істері басқармасының кеңесшісі; Инсебаев Даулет Бахтыбаевич-полиция капитаны, Қарағанды облысы бойынша полиция депортаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы.

Дәрістің мақсаты: діни экстремизм, терроризм мәселелері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу, осы мәселелерге түсіндірме беру, жастарды діни ағымдарға тартудың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың осы түрлері бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік.



