2021 жылдың 30 қаңтарында Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Online режимінде jitsi.org. платформасында кураторлық сағат өткізді. Өткізілген кураторлық сағат діни экстремизм мен терроризм мәселелеріне және оларға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Кураторлық сағат келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- Толеранттылық сезімін тәрбиелеу, қоршаған шындыққа философиялық және сыни көзқарас таныта білу, рухани жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ету, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
- Экстремизмнің пайда болу және таралу себептерін ашу, Қазақстанда тыйым салынған нақты орагизациялар мысалында экстремистік топтардың негізгі мақсаттарымен, белгілерімен таныстыру;
- Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық базасын қарастыру;
- Экстремизм мен терроризмге деген студенттердің дұрыс өмірлік ұстанымын нығайту.

Іс-шара жылы достық атмосферасында өтті, студенттер аталған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Пікірталас барысында студенттер қойылған сұрақтар бойынша өз білімдерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді.
