«Дебют-2020 «жыл сайынғы конкурс қорытындысы

2020 жылдың 30 қазанында «Bolashaq» академиясының жыл сайынғы «Дебют-2020» жас таланттар байқауының қорытындысы шығарылды.

Биылғы жылы байқау онлайн форматта Instagram әлеуметтік желісінің ресми парақшасында дауыс беру арқылы өтті.

Бір апта бойы желі қолданушылары төмендегідей бес номинация бойынша үздіктерді таңдады:

  • вокал;
  • мәнерлеп оқу;
  • Tik tok;
  • актерлік шеберлік;
  • хореография;

Дауыс беру сауалнамасына сәйкес орындар келесідей бөлінді:

«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша:

1 орын-Бейсеқанова Ақерке, ФМ-20-2 тобы;

2 орын – Болтукаева Фатима, ФМ-20-1 тобы;

3 орын-Адилжонова Сарвиноз, ФМ-20-2 тобы.

«TIK-TOK» номинациясында ФМ-20-2 к тобының студенті Ералиев Ғасыр үздік деп танылды.

«Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

1 орын- Жұрағат Аймарал, К-20-1 тобы;

2 орын- Таңсық Әмина, К-20-1 тобы;

3 орын-Кушвактова Сабина, ФМ-20-3 тобы.

«Аспаптық музыка» номинациясы бойынша”:

1 орын-Хайыржанова Перизат, ФМ-20-2 тобы;

2 орын-Дадаева Эмина, ФМ-20-1к тобы

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Барлығыңызды құттықтаймыз және белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

















Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.