ҚР-дағы конституциялық реформалар

6 желтоқсанда Құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының доценті К.К. Садықова “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының студенттері үшін ҚР Конституциялық реформалары тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында еліміздегі өзгерістер мен одан кейінгі конституциялық реформалардың ережелері түсіндіріле отырып, Қазақстан президенттігі институтын дамытудың негізгі бағыттары мен маңызды аспектілері қозғалды.

Конституцияға соңғы өзгерістер 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда енгізілді. Конституциялық реформа – бұл халықтың сұраныстары мен ұсыныстарына негізделген президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру.

Қолданыстағы Конституцияда барлығы 98 бап бар. Өзгерістер 33 бапқа енгізілді. (Конституцияның 1/3 бөлігі іс жүзінде өзгерді).

Дәріскер конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталды:

  1. Супер президенттік модельден президенттік республикаға біржола көшу;
  2. Бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу;
  3. Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту;
  4. Халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту;
  5. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту;

“Құқықтану” Білім беру бағдарламасының студенттері дәрісті қызығушылықпен тыңдап, конституциялық реформа бойынша сұрақтар қойды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.