2021 жылдың 24 қыркүйегінде «БЖЗҚ» АҚ «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді» атты тақырыпта «Ашық есік күнін» онлайн-форматта өткізеді.
Алдағы іс-шараның басты мақсаты зейнетақы жинақтары саласындағы, атап айтқанда, зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мен зейнетақы капиталын қалыптастырудағы халықтың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.
БЖЗҚ қызметкерлері басқа елдер мен жаһандық трендтерді мысалға ала отырып, ғаламшар халқының қартаю тақырыбының қаншалықты өткір екендігін және қамсыз қарттық үшін өзіңізге қомақты төлем жасаудың қаншалықты маңызды екенін баяндап береді.
Іс-шара барысында оған қатысушылар «зейнетақы калькуляторының» көмегімен, жеке мысал арқылы келешек қарттыққа бүгінгі күннің өзінде қалай әсер етуге болатынына көз жеткізе алады.
Колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін және жастарды біздің іс-шарамызға шақырамыз!
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 24 қыркүйек күні өтеді
– сағат 11:00-де және 14:00-де ( мемлекеттік тілде );
– сағат 12:00-де және 15:00-де ( орыс тілінде ).
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек www.bit.ly/enpfakmo
Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 423 1145 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1212.