“Ерекше балалар: білім беру және әлеуметтену” VІ халықаралық онлайн конгресіне қатысу

“Bolashaq” академиясы 2020 жылдың 1-2 қазанында Украинаның Запорожье қаласындағы “ХОРТИЦК ұлттық оқу-оңалту академиясы” базасында “Ерекше балалар: білім беру және әлеуметтену” атты арнайы педагогика және психология бағыты бойынша өткен VІ халықаралық онлайн конгресске қатысты.

Халықаралық конгреске жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Конгреске қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған халықаралық ынтымақтастық мәселелері, студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын іске асыру перспективалары, ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Пікірталасқа Әзербайжан, Германия, Қытай, Сербия, Таиланд, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Франция және басқа да мемлекеттерден жоғары білім беру мекемелерінің 130-дан астам өкілі қатысты.

Сондай-ақ, біздің академияның профессорлық-оқытушылық құрамы өткізілген конференция жұмысына белсенді қатысқанын атап өткен жөн. Хортицкая ұлттық оқу-оңалту академиясымен ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына біз өте қуаныштымыз.

Конгресс қатысушыларына арнап ректор Қ. Н.Меңлібаев алғы сөз сөйледі.

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және гуманитарлық педагогика орталығының оқытушылары п.ғ. к., доцент Н. И. Храпченкова, п. ғ. к., доцент Г. К. Бокижанова, аға оқытушы Е. А. Голомазова, п. ғ. к., доцент Р. Ж. Шалтаева, аға оқытушы К. А. Сарбасова, Р. М. Жиимбаева, С. А. Бакарамова, Р. Жанысбаева, Г. Т. Таликова, Ховрич А. А., және Бондаренко В. В. ғылыми баяндамалар дайындады

Конференцияның барлық қатысушыларына ұйымдастырушылар әртүрлі тақырыптар мен баяндамалардың ішінен Украина мен Қазақстандағы ғылыми ойдың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін өздеріне қызықты және пайдалы болатынын табуға тілек білдірді.

Пікірталас соңында қатысушылардың көпшілігі шекаралардың жабылуына және көптеген елдерде карантин енгізілуіне қарамастан, тығыз ынтымақтастықты одан әрі қолдауға ниет білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.