11 мамыр күні «Батыр» спорт кешенінде «Bolashaq»академиясының студенттері мен оқытушылары арасында шағын футболдан турнир өтті. Аталған турнир Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орайластырылды.


Мәншүк (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова – Калинин майданы 3-екпінді армиясының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, аға сержант, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген алғашқы қазақ әйелі.

Турнирге 6 команда қатысты: «QORGAN» , «FC SARYARQA», «ПАХТАКОР», «EQUITES», «ХҚК СОКОЛ» және «ШЕРСТЯНАЯ 9/2″оқытушылар командасы.






Турнир қорытындысы бойынша, құрметті 3 орынды «FC SARYARQA»командасы иеленді.

Екінші орында – «EQUITES»командасы.

Тұғырда – «ШЕРСТЯНАЯ 9/2″оқытушы командасы болды.

Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншыларына мүсіншелер мен Құрмет грамоталары табыс етілді. «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ» жүлдесін Оралов Жанас алды (Ю-21-2 студенті). «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» марапатын Есмағамбетов Нұрхан алды (Ю-20-2).

Турнир тіпті шағын турнирлерде де үлкен жеңістердің, рух пен достықтың жеңістерінің болатындығының айқын дәлелі болды.
