28 Ақпанда “BOLASHAQ” Академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары – Ганеев Руслан Рашидович, Абдрешева Мадина Каббасовна, Те Анасиасия Вячеславовна және Бегахметова Балжан Каиргельдиевна – № 1 мектептің 10 және 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара аясында оқушылар академияның оқу бағдарламаларымен және студенттік өмірімен танысты. Оқытушылар кафедрада және ЖОО-да оқытудың ерекшеліктері, даму мүмкіндіктері мен мансаптық перспективалары туралы айтып, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.


Кәсіптік бағдарлауға қатысушылар ұсынылатын оқу бағдарламалары, студенттік өмір белсенділігі және болашақ кәсіби мүмкіндіктері туралы негізгі мәліметтерді қамтитын ақпараттық парақшалар алды.
Бұл іс-шара студенттерге болашақ мансап жолдары мен жоғары оқу орнына түсуге дайындық туралы құнды түсінік алуға мүмкіндік береді.