2020 жылғы 03 желтоқсанда профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстың қорытынды кезеңі өтті. 2020 жылғы 29 қазанда ЖОО сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған болатын.

Конкурсқа 7 кафедраның профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға 17 құжаттар пакеті ұсынылды. Қашықтықтан оқытуды ескере отырып, Академияның ОӘК мүшелерінің талдауынан өткен бейнесабақтар қосымша ұсынылды.

Комиссия құрамы 2020 жылғы 28 тамыздағы №22 п бұйрығымен бекітілді, оған: комиссия төрағасы – ректор, комиссия мүшелері – проректорлар, академия кәсіподақ комитетінің төрағасы және кадр басқармасының басшысы кірді.

Конкурс нәтижесі бойынша 15 адам конкурстан сәтті өтті. Комиссия екі үміткерге қатысты бір жыл мерзімге шарт жасасуды ұсынды.