Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты. Оларды кітаптар жинағынан заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі, полиция полковнигі және біздің әріптесіміз, заң пәндері кафедрасының профессоры Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы сыйға тартты.Бақыт Молдатияұлы кітапхана қорына тек қана заң тақырыбына қатысты басылымдардың 160-тан астам данасын берді.
Олардың ішінде монографиялар, оқу құралдары, диссертациялардың авторефераттары бар.
Осы басылымдар біздің оқырмандарымызды қызықтырып, заң мамандығын оқыту және меңгеру ісінде көмектеседі деп шын жүректен алғыс айтамыз және үміттенеміз.
Оқырмандарды осы басылымдармен танысуға шақырамыз.
Біз жұмыс істейміз және сізді күтеміз!