Құрметті әріптестер, студенттер және түлектер! Сіздерді Болашақтың 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Университетімізге өркендеу, жаңа биіктерге жетуді тілеймін!
Мен 20 жылдан астам уақыт бойы жоғары оқу орнының қалыптасуы мен дамуына өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын.
Нұрлан Оранбасарұлы бастаған, оның идеялары мен ұмтылысынан шабыт алған біз – пікірлес – патриоттар командасы, белгіленген мақсатқа қарай қадам бастық.
Сол кезде Үкімет пен ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік оқу орны альтернативасы ретінде жекеменшік оқу орындарын ашу туралы шешім қабылдады. Бұл тәсілдің мақсаты-білім беру сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Жасыратыны жоқ, қоғамдағы белгілі бір саладағы бәсекелестікте, бәсекелестік серіктестікте жаңа тәсілдер пайда болады. Міне , сол кезде біздің ұстазымыз әрі тәлімгеріміз ҚарМУ ректоры Жамбыл Саулебекұлы Ақылбаевтың және кафедра меңгерушісі, қазіргі Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековтің жеке ЖОО ашу туралы идеялары дүниеге келді.
“Болашақ“ Қазақстандағы және өңірдегі алғашқы жекеменшік жоғары оқу орындарының біріне айналды.Біздің ұжым шағын болды. Болашақ ізашарлары: Баян Мұқушевна Ыбыраева, Мұрат Мейрамұлы Мұхатаев, Нұрлан Аджимұратұлы Бекбергенов, Жанат Саулебекұлы Толкеев, қазір марқұм болып кеткен Қуаныш Сейдахметовті, бағдарламашы Ерболат Ермағамбетовті, қызметкерлер Гүлмира, Жанна, Айгүл және Назгүлді ерекше жылулықпен және ризашылықпен еске аламын.Біз барымызды салып жұмыс істедік. Әрқайсымыз бірнеше функцияларды орындадық. Біз оқу процесін ұйымдастырушылар да, тәрбиешілер де болдық. Біз физикалық тұрғыдан да жұмыс істедік, студенттермен бірге аудиторияларды жабдықтадық, кітаптарды тасыдық, сенбілікке шықтық, басқа да көптеген қызметтерді атқардық.Біздің алғашқы студенттеріміз керемет білімдері бар тамаша балалар болды, олар қазіргі заманға сай ойлап, сапалы білім алуға ұмтылды.
Олардың идеялары мен тапқыр ойлары кейде бізді таң қалдырды. Алғашқы студенттер қатарында қазақ-түрік лицейінің шет тілдерін жетік меңгерген түлектері болды. Олар үшін біз шет тілдерін білетін “Халықаралық-экономикалық қатынастар” мамандығын аштық, түрік, қытай тілдерінің курстарын ұйымдастырдық, оларды оқу жоспарына енгіздік. Қазір бұл түлектер беделді халықаралық компанияларда жұмыс істейді.Біздің сәтті өткен алғашқы мемлекеттік аттестациямыз әлі есімде, содан кейін бізде мемлекеттік университеттермен бәсекеге түсе аламыз деген сенім пайда болды.Біз тәжірибелі педагогтарды, практикалық қызметкерлерді, заңгерлерді, қаржыгерлерді, әлеуметтік қызметкерлерді шақырдық.
Мұғалімдер мен студенттердің қол қусырып отыруға уақыты болмады. Студенттер жарқын оқиғаларға толы толыққанды студенттік өмір сүрді.Студенттердің алғашқы арнауы, орыс тілінде өлең жазған Хамзин Мәулен Хамзиұлының поэзиясының алғашқы кеші, студенттердің алғашқы олимпиадасы, өзінің қызықты бағдарламасымен ” ЛиМоНаД” газетінің алғашқы жаиялануы, өз валютасымен, Үкіметімен Болашақ Республикасын құруымыз, бәрі есімде.
Және басқа да игілікті істер, шаралар өткізіліп жатты. Біз студенттердің алғашқы жетістіктеріне қуандық, оларды жігерлендірдік және бірге алға шықтық.
Қиындықтар көп болды, біз оларды бірге еңсердік. Өз қызметіме байланысты мамандықтар бойынша оқу жоспары жөнінде базалық жоғары оқу орындарымен келісу, еңбек нарығының мамандарға қойылатын талаптарын ескере отырып, кадрлар даярлаудағы біздің тәсілдемелеріміздің дұрыстығын дәлелдеу үшін айына үш рет Алматыға баруға тура келді.Біз қайда барсақ та, әр жерден оқулықтар, кітаптар, әдістемелік ұсыныстар әкелдік, осылайша кітапхана қорын толықтырдық.
Акциялар, көрмелер, көріністер ұйымдастырылды, студенттерді әдемілікке, адамгершілік пен руханиятыққа баулыдық.
Біздің университеттің даму жолдары туралы көп айтуға болады. Академияның тату, ұйымшыл, жоғары кәсіби ұжымы білім беру қызметтері саласында өз еңбегінің жоғары деңгейде танылуына қол жеткізді. Бұл ұзақ жылдар бойы жалғасын таппақ.
Мереке құтты болсын, Болашақ!
Мамраева Гүлнәзия Баймағамбетқызы, “Bolashaq” академиясының ардагері