7-8 мамырда Қостанай қаласында үлкен жасөспірімдер (16-17 жас) және жастар (18-20) арасында грэпплинг және грэпплинг гиден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Бұл жарысқа “Bolashaq академиясының” Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 3 курс студенті Кусаинова Жанеля қатысты. Чемпионатта республиканың 15 өңірінен 620 қатысушы жарысты.
Тартысты өткен турнирдің бірінші күні Кусаинова Жанеля грэпплинг түрі бойынша 1 орынға ие болса, жарыстың 2-ші күні грэпплинг гиден 1 орын алды. Турнир қорытындысы бойынша 14-15 қазанда Испанияның Понтеведра қаласында өтетін ӘЧ-ға қатысу үшін ҚР Ұлттық құрамасы жасақталды.


Студентімізді жеңісімен құттықтаймыз және болашақта жеңістер, табыстар мен жоғары спорттық жетістіктер тілейміз!

